ШҚО-да көмір тиелген 9 вагон рельстен шығып кетті

1494

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ШҚО-да көмір тиелген 9 вагон рельстен шығып кетті

Бүгін таңертең 5 жарымдарда ШҚО Курчатов қаласының Дегелең стансасында 9 вагон рельстен шығып кетті. 

"Екі маневрлік тепловозды қосқан кезде "Қаражыра-Дегелен" бағытындағы 3503 жүк пойызының көмір тиелген 9 вагонының доңғалақтары рельстен шығып, 4 вагон бір жағына ауып кеткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл жағдай басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ", – деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу