ШҚО-да қонақ үй өртенді

942

Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауылында екі қабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

ШҚО-да қонақ үй өртенді

Оның ішінде кафе мен қонақ үй орналасқан.

Облыстық ТЖД мәліметінше, шатырдың ағаш конструкциялары, қонақ үй бөлмелеріндегі жиһаз бен ғимараттың жанындағы шаруашылық нысаны өртенген.

Алдын ала мәлімет бойынша, жалын 300 шаршы метрді шарпыған.
Өртті сөндіруге 8 маман мен 2 автоцистерна жұмылдырылды.

Сонымен қатар Ақжар ауылынан өрт сөндірушілер мен арнайы құралдар оқиға орнына барған. Жергілікті атқарушы органдар екі арнайы көлікпен су тасымалдауды ұйымдастырған.

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу