ШҚО-да құтқарушылар Аяз атаға айналды

530

Ондағы мақсат - тұрғындардың алдағы мерекелерге дайындығын және үйді өрттен қорғау үшін қауіпсіздік шараларын сақталуын қадағалау.  

ШҚО-да құтқарушылар Аяз атаға айналды Фото: gov.kz

ШҚО ТЖД құтқарушылары жыл сайын ертегі кейіпкерінің қатысуымен шығармашылық акция өткізді, деп жазады inbusiness.kz Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құтқарушы киімін ауыстырған Аяз Ата үйлерге барып, тұрғындардың алдағы мерекелерге дайындығын және үйді өрттен қорғау үшін қауіпсіздік шараларын сақтағанын көріп қайтты. Пешті жылытуға мұқият назар аудару, бұл оқиғалар статистикасы бойынша тұрғын үй секторындағы өрттерге әкеледі. Мәселен, биыл Шығыс Қазақстанда 119 пештен шыққан өрті тіркелген", - делінген ақпаратта.

Өртке қарсы Аяз Аталар жылыту пештерінде жарықтар болатынын, мұржасы уақтылы тазаланбайтынын, тіпті пештің үстіне заттар мен отын кептірілетінін анықтаған. Бұл жайттар өрт қауіпсіздігі ережелеріне кереғар.

"Көптеген балалар тұратын отбасыларды, қарт азаматтарды және халықтың аз қозғалатын топтарын қорғау үшін Аяз Ата улы газ датчиктерін сыйға тартты. "Ақылды" құрылғылар, үйде қауіпті газдың концентрациясы нормадан асып кеткен кезде бұл туралы қатты сигнал бере бастайды және тез ескертеді, кейде түннің бір уағында күдік туған кезде үй иелерін оятады. Өйткені, улы газдың түсі мен иісі жоқ, оны бөлмеде анықтау мүмкін емес" -делінген ақпаратта.

Жыл басынан бері облыст улы газ әсерінен 11 адам зардап шекке, оның 5-і балалар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу