ШҚО-да мас жүргізуші 4 баланы қағып кетті

511

10 жастағы қыз бала алған жарақаттардан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. 5, 11 және 12 жастағы үш бала ауруханаға жеткізілді.

ШҚО-да мас жүргізуші 4 баланы қағып кетті

Жол апаты 5 қыркүйекте Бородулиха ауданының Жаңа Шүлбі ауылында болды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді,  деп хабарлайды altaynews.kz.

Сағат 18.50 шамасында Mitsubishi Chelenger автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде ойнап жүрген төрт баланы қағып кетті. Анықталғандай, 31 жастағы ер адам мас күйде көлік жүргізген.

10 жастағы қыз бала алған жарақаттардан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қалған 5, 11 және 12 жастағы үш бала ауруханаға жеткізілді.

Автокөлік жүргізушісі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу