ШҚО-да Мұзтауға шықпақ болған турист аттан құлады

347

27 жастағы әйел жарақат алып, есінен танып қалды

ШҚО-да Мұзтауға шықпақ болған турист аттан құлады Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай ауданында Мұзтау шыңына шығып бара жатқан әйел адам аттан құлап, жарақат алды. Оқиға орнында қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін әйел Қатонқарағай ауданаралық ауруханасына жеткізілді,

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 22 шілдеде Катонқарағай ауданы Мұзтау шыңындағы Сәрсембай учаскесінде болған.

- Тауға шығып бара жатқан 27 жастағы әйел аттан құлап, жарақат алып, есінен айырылды. Сол жерге құтқарушылар мен дәрігерлер ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен келіп жетті. Медициналық мекеменің мамандары саяхатшының оң иығының төменгі үштен бір бөлігінің жабық сынғанын анықтады, - делінген ақпаратта.

Қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң ол тікұшақпен Катонқарағай ауылының ауданаралық ауруханасына жеткізілді.

Осы ретте ШҚО ТЖД туристерге таулы жерлерде жүргенде қауіпсіздік шараларын сақтауға және барынша абай болуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу