ШҚО-да неге сары қар жауғаны анықталды

1048

ШҚО-да неге сары қар жауғаны анықталды

ШҚО экология департаменті Зырян ауданы тұрғындарының үрейін тудырған сары түсті қардың құрамына талдау жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен аптада Зырян ауданында жауған сары түсті қар туралы ақпарат алғаннан кейін ШҚО экология департаментінің қызметкерлері сол аймаққа барып, қардың сынамасын алды. Талдау нәтижелері бойынша, сынамада өнеркәсіптік кәсіпорындардың әсерінен пайда болатын улы заттар анықталмады.

Мамандардың айтуынша, қар жамылғысына ерекше бояу берген, солтүстік-батыстан соққан жел арқылы келген ұсақ түйіршікті шөгінді жыныс, яғни балшық.

"Балшықтағы жыныс түзуші минерал – каолинит, ол балшықтың химиялық құрамының басым бөлігін құрайды. Ал әртүрлі түс хромофор иондарының қосылуынан пайда болады", - дейді ШҚО экология департаментінің зертхана басшысы Клара Рахымбаева.

Айта кетейік, сол күні Өскемен қаласының тұрғындары да қызғылт-сары жауынға куә болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу