ШҚО-да орман өртіне авиация жұмылдырылды

359

Өртті сөндіру үшін ТЖМ авиациясының тікұшағы арнайы шақырылды.  

ШҚО-да орман өртіне авиация жұмылдырылды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ұлан ауданында Бұқтырма су қоймасының Аюда шатқалында, Приморск орманшылығы аумағында шөп, бұталар мен ағаштардың жануы тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнында орман шаруашылығы қызметкерлері мен ШҚО ТЖД күштері жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіру жұмыстары таулы аймақ пен желдің екпініне байланысты ушығып отыр. 

Өртті сөндіру жұмыстары таулы аймақ пен желдің екпініне байланысты күрделенді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің таралуы тоқтатылды. Қазіргі уақытта ашық жану ошақтары жоқ. Жағдай бақылауда.

Барлығы "ҚазАвиаҚұтқару" ТЖМ әуе кемесімен 7 рет су төгіліп, 21 тонна су шашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу