Маусым басталғалы облыста 29 орман өрті тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында облыста 48 мобильді топ жұмыс істеуде. ШҚО ТЖД бөлімшелері полиция қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге бүгінге дейін 620-ға жуық профилактикалық рейд өткізді, – делінген ШҚО ТЖД мәліметінде.
Мобильді топтар аумақтарды патрульдеп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылап, құрғақ өсімдіктерді заңсыз өртеу деректерін анықтады.
Нәтижесінде 174 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу