ШҚО-да орман шаруашылығы 10 жылға жалға беріледі

346

Табиғи ресурстар басқармасы мамандарының мәліметінше, кепілдік жарна 129 миллион теңгені құрайды.        

ШҚО-да орман шаруашылығы 10 жылға жалға беріледі Фото: lesgazeta.by

Шығыс Қазақстан облысында бірқатар орман шаруашылығы жалға беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алғашқы кезеңде инвесторлардың назарына Жоғарғы Уба орман шаруашылығы ұсынылады. Мамандардың айтуынша, орман пайдаланушыларға қойылатын нақты талаптар бар.

Атап айтқанда, техникалық жабдықтары толық болуы және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Орман шаруашылығындағы барлық жұмыстар орманшылар тарапынан тұрақты бақылауда болады.

Айта кетейік, еліміздегі орман қорының 40 пайызы Шығыс Қазақстан өңіріне тиесілі.

– Әрбір орманшы күнделікті бақылау жасаған кезде видео-фото фиксацияны пайдаланады. Қандай да бір заңбұзушылықтар болған кезде әкімшілік хаттама жасалады. Егер де бір жалға алушыда бір жыл ішінде екі мәрте бұзушылық болса, шарттарын бұзатын боламыз, – деп мәлімдеді ШҚО табиғи ресурстар басқармасының басшысы Арман Есентаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу