ШҚО-да орманда адасып кеткен әже аман-есен табылды

372

Қария саңырауқұлақ теріп жүріп адасып кеткен. 

ШҚО-да орманда адасып кеткен әже аман-есен табылды Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстандағы Самар ауданында орман ішінде адасып кеткен 83 жастағы әже аман-есен табылды. Белгілі болғандай қария туыстарымен бірге саңырауқұлақ теруге барған. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Самар аудандық полиция бөліміне немересі хабарласып көмек сұраған.

Өздері бірнеше сағат бойы іздегенімен одан еш нәтиже болмады. Содан кейін туыстары полицияға хабарласуға шешім қабылдаған.

- Тәртіп сақшылары іс-қимыл жоспарын құрып, орман алқабында іздестіру жұмыстарына кірісті. Соның нәтижесінде, бір сағат ішінде зейнеткер аман-есен табылды. Немересі әжесін тапқан полицейлерге шын жүректен алғыс білдірді, - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу