ШҚО-да өрт сөндірушілер бірнеше күн Самар ауданындағы өртпен алысты

604

5 тамызда тұтанған өрт Сарыбел ауылдық округіндегі Чикеев учаскесінде шамамен 42 гектар аумақты шарпыған. 

ШҚО-да өрт сөндірушілер бірнеше күн Самар ауданындағы өртпен алысты

Оны сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелерінің, Красногорск және Қайыңды орман шаруашылықтарының, Сарыбел бекінісінің (Новотимофеевка) күштері мен құралдары жұмылдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті ақпарат көзі altaynews.kz-ге сілтеме жасап.

"Кеше, 7 тамызда көмекке Өскеменнен қосымша өрт сөндірушілер кетті. Қазір барлығы ТЖД-ның 33 қызметкері, жергілікті атқарушы органдардан 44 адам және орман шаруашылығынан 17 адам, сондай-ақ 10 техника жұмылдырылды. Өрт болып жатқан аймаққа қатынау қиын және жері тасты. Бұл да арнайы техниканың жұмысын қиындатады", – деп түсіндірген ТЖД баспасөз қызметінен. 

Ведомствоның мәліметінше, қазір өрттің беті қайтқан. Тек кейбір аумақта бықсып жанып жатыр. Жел секундына 3-5 метр. Орман қоры мен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу