ШҚО-да өткен тәулікте 200-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

503

Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 қараша 23:59–дағы эпидемиологиялық жағдай.

ШҚО-да өткен тәулікте 200-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 432 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады шұғыл штаб. 

Өңірлер арасында жұқтырғандардың ең көбі ШҚО-да тіркелді. Ол аймақта бір тәулікте 197 адам вирус жұқтырған. Ірі мегаполистер: Нұр-Сұлтан қаласында – 31, Алматы қаласында – 23, Шымкент қаласында 1 адам тіркелді.

Өңірлерде ШҚО-дан кейінгі орында Павлодар облысы тұр, мұнда бір тәулікте 41 адамнан вирус анықталды. Ал Ақмола облысында – 28, Ақтөбе облысында – 5, Алматы облысында – 13, Атырау облысында – 9, Жамбыл облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 14, Қарағанды облысында – 16, Қостанай облысында – 17, Солтүстік Қазақстан облысында 33 жағдай тіркелді.

Жалпы ел бойынша бүгінге дейін ауырғандар саны 113741-ге жетті. Шұғыл штаб өткен тәулікте 177 адамның емделіп шыққанын хабарлады. Осылайша індет жұқтырғандардың 106893-і жазылып шықты.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу