ШҚО-да полиция қызметкерлері жұмыс күнін бір минут үнсіздікпен бастады

561

Аза тұту рәсімі ШҚО-ның барлық 50 блокпостында өтті.

ШҚО-да полиция қызметкерлері жұмыс күнін бір минут үнсіздікпен бастады

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі облыстық блокпоста қызмет етіп жүрген барлық полиция мен медициналық қызметкерлер жұмыс күнін қайтыс болған полицейлерді еске алу үшін бір минут үнсіздікпен бастағанын айтады.

"Ішкі істер органдарында қызмет ететіндердің үшін бұл – орны толмас қайғы. Әріптестердің жарқын жүзі отансүйгіштіктің және мамандыққа деген адалдықтың үлгісі ретінде полицейлердің жадында мәңгілікке қалады. ШҚО Полиция департаментінің жеке құрамы және өз басым қаза болған әріптестерімнің туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын. Олар өздерінің қызметтік міндеттерін ақырына дейін адал атқарды", – деді ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мадиев.

Еске салайық, трагедия 25 мамыр күні Алматыдағы Көксай шағын ауданында болды. BMW көлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші алдымен блокпост қоршауына, содан кейін екі полицей отырған патрульдік көлікке соқтығысқан. 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал 26 жастағы екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Жарас Жанғазиевтің артында 2 қызы, Дастан Әбдіқановтің дүниеге келгеніне небары 1 ай ғана болған баласы қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу