ШҚО-да психотроптық заттарды сатумен айналысқан азамат ұсталды

106

26 жастағы азамат өзге облыстан келген.  

ШҚО-да психотроптық заттарды сатумен айналысқан азамат ұсталды Фото: polisia.kz

ШҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологиялық қызмет орталығымен бірлесіп, тыйым салынған интернет-дүкенінің қойма-ораушысы ретінде жұмыс істеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел жүргізілген тінту барысында оның пәтерінен 132,52 грамм α-PVP және 286,48 грамм мефедрон, жалпы салмағы 419 грамм болатын психотроптық заттар тәркіленді.

Сондай-ақ электрондық таразылар, көптеген зип-пакеттер және изолента орамасы табылып, айғақ зат ретінде алынды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу