ШҚО-да сел жүрудің 13 қауіпті ошағы бар

416

15 мамырдан бастап өңірде сел қауіпті кезең басталды. 

ШҚО-да сел жүрудің 13 қауіпті ошағы бар Фото: Хабар24

Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай және Зайсан аудандарында, Риддер қаласында және Алтай ауданында орналасқан барлығы 13 сел қауіпті ошақ бар, деп жазады Inbusiness.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Бұл аталған аудандардағы таулардың басында 13 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мұздақ көл қалыптасады. Облыста сырғыма қаупі бар 9 учаске бар. Бұлар негізінен автожолдардағы, өзен бассейндеріндегі таулардың жағалық беткейлері мен құлдилары: Риддер қаласы – Громотуха, Уба; Алтай ауданы – Бұқтырма, Хамир, Черновая; Катонқарағай ауданы – Бұқтырма; Зайсан ауданы – Кендірлік”, - делінген хабарламада.

Облыстық ТЖД мәліметінше, сел қаупі бар учаскелерде 20 ескерту және тыйым салу қалқандары, ал сырғыма қауіпті учаскелерде 18 қалқан орнатылған.

Бұдан бөлек сел жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында 9 маусымдық гидропост, жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін 1 гидропост бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу