ШҚО-да "шөп өртеу науқаны" басталды

634

3 күнде 74 тонна шөп күлге айналған. 

ШҚО-да "шөп өртеу науқаны" басталды

Күз болса Шығыс Қазақстанның малды ауылдарынан маза кетеді. Жаз бойы тыраштанып жинаған шөпті кім қай күні келіп өртеп кетер екен деп алаңдап отыратын әдеті. Өткен демалыс күндерінің жаға ұстатарлық статистикасын облыстық төтенше жағдайлар департаменті жариялады. Айналдырған 3 күннің ішінде 6 өрт тіркеліп, 74 тонна мал азығы күлге айналыпты. Ал тамыз айынан бері облыста 1400 тонна шөп отқа оранған екен.

"Абай ауданында 7,5 тонна, Катонқарағай ауданында 12 тонна, Жарма ауданында 1,5 тонна, Зайсан ауданында 18 тонна шөп аулада тұрған жерінен жанып кеткен. Ал Күршім ауданында 2 тонна шөп тиеп бара жатқан "ЗИЛ-130"  көлігі өртеніп, иесінің қолын күйік шалған. Өрт сөндірушілер жеткенше, шөппен бірге жүк көлігінің кабинасы мен дөңгелектері жанып кетті. Барлық өрттің негізгі себебі қауіпсіздікті сақтамау", - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.  

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу