ШҚО-да сумен қамту және су бұру бойынша 40-тан астам жоба жүзеге асырылды

729

Облыс әкімінің айтуынша, сумен жабдықтау және су бұру бойынша жобаларды жыл сайын қаржыландыру көлемі 2015 жылдан бастап 3,6 есеге, атап айтқанда 7 млрд. теңгеден 25 млрд. теңгеге дейін өскен. 

ШҚО-да сумен қамту және су бұру бойынша 40-тан астам жоба жүзеге асырылды

Су құбырлары 209 елді мекенде орнатылып, 240 мың адам ауызсумен қамтылды.
- Қолға алынған сумен қамту және су бұру бойынша 41 жоба осы жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Бұдан басқа 51 блок-модульді станция орнатылды, бұл 21 мың адамды сапалы ауызсумен қамтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті облыс әкімі.

Жалпы, соңғы 5 жылда ауылдарды сумен қамту пайызы 24,4 пунктке өсті. Ағымдағы жылы облыс халқының 92,3%-ы ауызсумен қамтамасыз етілді, оның ішінде 82%-ы ауыл тұрғындары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу