ШҚО-да тағы 27 тұрғын қан плазмасын тапсырды

397

Бір адам тапсырған қан плазмасы ауыр жағдайда жатқан кемінде екі адамның өмірін сақтап қалады.

ШҚО-да тағы 27 тұрғын қан плазмасын тапсырды

Ридддер қаласының 27 тұрғыны қан плазмасын тапсырды. Өткен айда кенді қаланың тағы 11 тұрғыны донорлық плазма тапсырған болатын, деп хабарлайды altaynews.kz.

Қан плазмасын тапсырушыларға барлығы 19 446 теңге көлемінде сыйақы берілді.

"Бір адам тапсырған қан плазмасы кемінде ауыр жағдайда жатқан екі адамның өмірін сақтап қалады. Сондықтан азаматтарды плазма тапсыруға шақырамыз. Қан тапсыруға келгендерді ең алдымен терапевт дәрігер қарап, қан қысымы мен дене қызуын өлшейді. Содан кейін ғана қан тапсыру аппаратына жіберіледі", – дейді Риддер қаласы орталық ауруханасының бас дәрігері Гүлнар Кітапбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу