Күдіктінің басқа бір мешітте осындай қылмысқа қатысы бар екені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полицияға облыс орталығындағы мешіттердің бірінен 400 мың теңге тұратын Asus ноутбугінің жоғалғаны туралы арыз түскен. Жедел-іздестіру шаралары барысында тұрғылықты жері жоқ 37 жастағы әйел ұсталды.
Барлық жағдайда күдікті бір тәсілмен әрекет еткен.
– Ол тегін тамақ алу сылтауымен мешітке кіріп, қызметтік бөлмелерді аралап, ұрлық жасаған. Кейіннен ноутбуктердің бірін сатып, түскен қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған, – делінген облыстық ПД хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу