ШҚО-да Үлкен Нарын ауылында жер сілкінді

181

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.  

ШҚО-да Үлкен Нарын ауылында жер сілкінді Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында 2 балдық жер сілкінісі сезілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жерасты дүмпуі 6 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 23:08-де тіркелген.

ҚР ТЖМ "ҰҒЗСҰО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентрдің координаттары – 49,167 градус солтүстік ендік және 84,417 градус шығыс бойлық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу