ШҚО-да үш бейбіт тұрғын қаза тапты

1122

Облыс коменданты Серік Жүнісбеков жергілікті тілшілерге өңірдегі жағдай бойынша брифинг өткізді.  

ШҚО-да үш бейбіт тұрғын қаза тапты

Онда 5 қаңтардан бастап облыста мыңнан астам адам ұсталғанын хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Алтайньюс сайтына сілтеп.

Қазір ұсталғандардың 80-і уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Билікке қарсы күш қолдану, жаппай тәртіпсіздік, терроризм актілері және қаруды заңсыз сақтау баптары бойынша сегіз сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

"Қалада болған жаппай тәртіпсіздік кезінде үш адам қайтыс болды. Үшеуі де азаматтық тұлға. Бұдан өзге ақпараттар тергеу аясында жария етуге жатпайды", – дейді комендант.

Айта кетейік, бұған дейін ШҚО-да журналист Дарын Нұрсапар 15 тәулікке қамалғаны белгілі 

Соңғы мәліметтер бойынша, өңірде 5-12 қаңтар аралығында 322 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның басым бөлігіне, нақтырақ айтқанда 298 адамға тәртіп бұзды, бейбіт жиын өткізді деген айып тағылып отырған көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу