ШҚО-да валютаны заңсыз алып өтпек болған Қытайдың бес азаматы ұсталды

771

ШҚО-да валютаны заңсыз алып өтпек болған Қытайдың бес азаматы ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында  "Зимунай-Зайсан" бағытындағы жолаушылар автобусына шекаралық тексеру жүргізу кезінде Қытайдың бес азаматы ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес,  шетелдіктер Қазақстанға декларацияланбаған 59900 АҚШ долларын алып өтпекші болған.  

"Ақшалай қаражат пен ұсталған ҚХР  азаматтары облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметіне акті бойынша тапсырылды", – деп атап өтілген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу