banner

ШҚО-да заңсыз өндірілген 15 мыңнан аса шөлмек алкоголь тәркіленді

651

Өскемен қаласының аудандарының бірінде алкоголь өнімін заңсыз өндіру дерегін анықталды. 

ШҚО-да заңсыз өндірілген 15 мыңнан аса шөлмек алкоголь тәркіленді

Өскеменде Мемлекеттік кірістер департаменті мен Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері заңсыз алкоголь өндірушілерді анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. 

Антисанитариялық жағдайда күшті спирттік ішімдіктерді дайындап келген цехтан 2 145 дана "Түркістан" коньягы, 12 945 дана коньяк бұйымдары, 620 дана "ОША" арағы, 4 000 дана бос шыны бөтелкелер ыдысы, 15 000 дана арақ қалпақшалары, 2 дана қақпақтарды мөрлеуге арналған құрылғы, сорғы мен шлангтарға қосылған 500 литрден астам спирт сұйықтығы бар пластикалық ыдыс табылды. 

Бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 463-ші бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу