ШҚО-да жеке куәлігі жоқ 200-ге жуық адам анықталды

818

Шығыс Қазақстан облысында жеке куәлігі жоқ 200 адам анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 ШҚО-да жеке куәлігі жоқ 200-ге жуық адам анықталды

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті және Қазақстан халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюросы 2020 жылдың қыркүйегінде ел аумағында құжатсыз (бұрынғы КСРО паспортын уақытында ауыстырмаған, әлі туу туралы куәліктермен жүрген 18 жастан асқандар) тұрып жатқан адамдарды құжаттандыру бойынша арнайы акция бастаған болатын.

Аталған акция аясында Шығыс Қазақстанда жеке куәлігі жоқ 186 адам анықталды. Оның ішінде 100-ден астам азамат 1974 жылғы үлгідегі паспортпен, ал 68 тұрғын туу туралы куәлікпен тұрып келген. Ал 11 адам ҚР азаматы болмай шықты. Бұл ретте 161 адамға құжат жасалып берілді.

"Акция 2021 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылғанын ескертеміз. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ тұрғындарға аумақтық органдардың көші-қон қызметтеріне жүгінуін сұраймыз", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу