Алтай ауданында прокуратураның араласуымен жетім қалған екі балаға жәрдемақы төлене бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Тексеру барысында белгілі болғандай, кәмелетке толмаған балалар 2023 жылдың тамыз айынан бастап әжелерінің қолында тұрып жатыр. Алайда заң талаптарына қарамастан, сол уақыттан бастап 2026 жылдың қаңтарына дейін оларға асыраушысынан айырылуларына байланысты жәрдемақы тағайындалмаған", – деп хабарлады ШҚО прокуратурасынан.
Аудан прокуроры уәкілетті органның атына прокурорлық ден қою актісін енгізді.
Осыдан кейін мектепте балаларға 575 мың теңге көлемінде жәрдемақы қарызы төленіп, ай сайынғы төлем тағайындалды.