Шығыс Қазақстанда жоғалған кейуананы полицейлер іздеп тапты

117

Туыстарының айтуынша, 3 ақпан күні сағат 14:30 шамасында әйел адам үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Шығыс Қазақстанда жоғалған кейуананы полицейлер іздеп тапты Фото: polisia.kz

3 ақпанда сағат 20:30 шамасында "102" арнасына Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің 84 жастағы тұрғынының жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Осыдан соң кезекші инспекторлар ақпаратты дереу Ұлан аудандық полиция бөліміне жолдаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жоғалған адамның жасын ескере отырып, полицейлер жедел іздестіру шараларына кірісті.

Іздеу жұмыстарына Ұлан аудандық ПБ қызметкерлері жұмылдырылып, барлық кезекші қызметтер мен жасақтарға бағдарламалар жіберілді. Үйлесімді іс-қимылдардың нәтижесінде шамамен 2 сағаттан соң қарт әйел Өскемен қаласының аумағынан табылды.

Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, ол туыстарына аман-есен тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу