ШҚО-да жол апатынан 4 адам көз жұмды

878

Аталған факты бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

ШҚО-да жол апатынан 4 адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданында жол апатынан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Қайғылы жағдай 26 қаңтар күні сағат кешкі 20.00 шамасында болған. Шемонайхадан облыс орталығына шыққан көлік Рулиха ауылына жектенде апатқа ұшыраған.

"Жол-көлік оқиғасы "Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы" тасжолының 88-шақырымында болған. 32 жастағы ер адам тізгіндеген "КамАЗ 5320" маркалы жүк көлігінің тіркемесі "ВАЗ 2112" жеңіл көлігінің бүйірінен соққан", – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жеңіл көліктегі 25 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушы (31 жастағы әйел адам мен 29 жастағы екі ер адам) оқиға орнында қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу