ШҚО-да жол тазалау кезінде жүргізуші қаза тапты

122

Оқиға бойынша қызметтік тексеріс басталды.    

ШҚО-да жол тазалау кезінде жүргізуші қаза тапты Фото: bionord.store

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданына қарасты Северное ауылында кәсіпорын жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы жағдай тасжолды қардан тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін, арнайы жол техникасына қызмет көрсету кезінде болған. Оқиға салдарынан қызметкер ауыр жарақат алған. Жедел жәрдем дер кезінде шақырылып, қажет шаралар қабылданғанымен, оны құтқарып қалу мүмкін болмады.

Марқұм жұмыс істеген жол пайдалану учаскесі №30 республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Рахман қайнары автожолының ең күрделі учаскелерінің біріне қызмет көрсетеді.

"Оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылып, жағдайдың мән-жайы мен себептері жан-жақты қарастырылып жатыр. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдарға, оның ішінде еңбек инспекциясына жолданды", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" компаниясы.

Сондай-ақ марқұмның жол саласында 25 жылдан аса еңбек еткені хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу