ШҚО-да жұмыссыз жүрген ауыл жастары көп

1037

Өткен жылы өңірге 714,5 млрд теңге инвестиция салынған. Осыған қарамастан облыста көшіп келгендерге қарағанда көшіп кеткендердің үлесі басым.

ШҚО-да жұмыссыз жүрген ауыл жастары көп

2020 жылдың төртінші тоқсанында Шығыс облысында ауыл жастары арасындағы жұмыссыздық деңгейі өте жоғары (4,9%) болған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың төртінші тоқсанында (қазан, қараша, желтоқсан) өңірдегі бір үй қожалығының табысы орта есеппен 658,2 мың теңге болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,8%-ға көп. Бұл көрсеткіш қалаларда – 683,1 теңге (2019 жылмен салыстырғанда 8,3%-ға көп), ал ауылдарда – 613,9 теңге (өткен жылмен салыстырғанда 9,8%-ға артық). Осылайша, ауыл тұрғындарының табысы қалалықтарға қарағанда 10,1%-ға аз. 

2020 жылдың төртінші тоқсанында өңірлер бөлінісінде ауылдардағы үй шаруашылықтарының табысы Шығыс Қазақстан облысында 494,8 мың теңге, ал Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш 1 млн теңге болған. Бұл ШҚО-дағы ауыл тұрғындарының табысы Маңғыстау облысындағы ауылдықтарға қарағанда 2 есе аз екенін, ал орташа республикалық деңгейден 19,4%-ға төмен екенін көрсетеді. 

Сондай-ақ бұл өңірде қалалар мен ауылдардағы үй шаруашылықтарының табысы арасында ең үлкен алшақтық бар: ауыл тұрғындарының табысы 21,1%-ға аз.

2021 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдарда 
512,3 мың адам (өңірдегі барлық халықтың 37,6%-ы) тұрған. Бұл – Қазақстан өңірлері арасындағы төртінші көрсеткіш. Ауылдық жерлерде көші-қонның теріс сальдосы байқалады. 2020 жылы облыстан 9,4 мың адам көшіп кеткен. Мұнда көшіп келгендерге қарағанда көшіп кеткендердің үлесі басым.

Ауыл тұрғындарының қалаға көптеп көшуі Түркістан (19,1 мың адам) және Алматы (11,4 мың адам) облыстарында ғана байқалады.

2020 жылдың төртінші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысында ауылдағы жұмыссыздық деңгейі – 4,6% (еліміздегі жұмыссыздық деңгейі – 4,8%). Алайда өңірдегі ауыл жастары (15-28 жас аралығы) арасындағы жұмыссыздық деңгейі ең жоғары (4,9%) болып саналады.

Сонымен қатар елімізде 2020 жылы NEET-жастардың яғни жұмыс істемейтін, оқымайтын және еңбек етуге кәсіби дағдыланбаған жастардың (Not in Education, Employment or Training) үлесін айтарлықтай қысқарту жоспарда болған.
Шығыс Қазақстан облысында бұл міндет ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр деп айту қиын. 

Сондай-ақ өңірде FinTech сегменті нашар дамыған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өңірде қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі карталар бойынша айналымның жартысына да жетпеген. Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 67%-дан асқан.

2020 жылы ШҚО-да негізгі капиталға бағытталған инвестиция 714,5 млрд теңге болған. Бұл еліміз бойынша ең жоғары инвестиция болып саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу