ШҚО-да жыл басынан бері балық аулау кезінде 6 адам қаза болды

155

Құтқарушылар күзгі балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.  

ШҚО-да жыл басынан бері балық аулау кезінде 6 адам қаза болды Фото: buqara.kz

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында балық аулау кезінде алты адам қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы жағдайлар Шемонаиха, Тарбағатай, Күршім аудандары мен Өскемен қаласында тіркелген.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлімдеді.

Күзгі балық аулау маусымында құтқарушылар тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Мамандар жолға шығар алдында ауа райы болжамын біліп, су айдынының жағдайын ескерудің маңызды екенін айтты. Қатты жел соғып, күн райы бұзылған кезде қайықпен суға шығуға болмайды. 

Қайықтың жарамдылығын тексеріп, құтқару жабдықтары мен байланыс құралдарын дайындау қажет. Әр адам құтқару кеудешесін киіп, бекіткіштерін тағуы тиіс. Сонымен қатар жүзу құралына шамадан тыс жүк тиеуге болмайды.

Қазір облыста ТЖД қызметкерлері полиция, жергілікті атқарушы органдар және еріктілермен бірлесіп рейдтер өткізіп жатыр. Балықшыларға қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, жадынамалар таратылуда.

Мамандар шағын көлемді кемелерді пайдалану талаптарын бұзғандарға және тыйым салынған жерлерде балық аулағандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Құтқарушылар күзде ауа райының күрт өзгеріп, суық суға түскен адамның тез тоңып қалуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан балық аулауға барар алдында су айдынының қауіпсіздігіне көз жеткізу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу