ШҚО-да жылу құбырларын жөндеу кезінде тұрғын үй іргетасының төсеніші құлап түсті

341

Зардап шеккен ешкім жоқ.

ШҚО-да жылу құбырларын жөндеу кезінде тұрғын үй іргетасының төсеніші құлап түсті Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жылу құбырларын жөндеу жұмыстары барысында 4 пәтерлі жер үй іргетасының төсеніші құлап түсті.

Оқиға кеше түнде шамамен сағат 23.00-де болған. Жылу құбырларын жөндеу барысында жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатқанда осындай келеңсіздікке әкеп соқты. 

ШҚО Ақпарат орталығының хабарлауынша үйдің 12 тұрғыны дін аман. Үйдің нық тұруына кедергі жоқ. 

Әкімдік және ТЖ бөлімінің мамандарынан жедел түрде арнайы топ құрылып, оқиға салдарын зерттеуде. Тұрғындар туыстарында уақытша бола  тұруды дұрыс көріп, жағдайдың әрі қарай шешімін арнайы комиссияның құзырына тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу