ШҚО-дағы алтын фабрикасының мәселесі 15 мамырға дейін шешілмек

562

Шығыс Қазақстан облысындағы Маралды дауына нүкте қойылады.

ШҚО-дағы алтын фабрикасының мәселесі 15 мамырға дейін шешілмек Фото: Depositphotos.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 15-ші мамырға дейін мәселені түбегейле шешуге уәде берді. Келесі аптада жергілікті әкімдік пен халықтың пікірі тыңдалады. Әзірге тараптар келісімге келе алмай отыр. 

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылының тұрғындары алтын фабрикасының салынуына қарсы. Себебі алтыны бар кен ашық жолымен қазып алынбақ. Нәтижесінде қарашұңқырлар пайда болады. "Бұл экологияға зиян" деген жергілікті жұрт мәселеге Тоқаевтан араласуын өтініп, арыз жазған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу