ШҚО-дағы аудандық ауруханадан заңбұзушылықтар анықталды

427

Ауруларды диагностикалау мен емдеуде қолданылатын өлшем құралдарын қолдану бөлігінде заңбұзушылықтар анықталып отыр.

ШҚО-дағы аудандық ауруханадан заңбұзушылықтар анықталды

ШҚО Алтай ауданының ауруханасын тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, комитеттің ШҚО бойынша департаментімен жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижесінде облыстық ДСБ аудандық ауруханада өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың бұзылғанын анықтады.             

"Электрокардиографтар, төсек жанындағы мониторлар, КТГ сияқты ауруларды диагностикалау мен емдеуде қолданылатын 27 өлшем құралдарын қолдану бөлігінде заң бұзушылықтар анықталды. Тексеру жүргізу кезінде профилактикалық бақылаумен емхана және стационар бөлімшелерінде қолданылатын өлшеу құралдары қамтылды", - делінген хабарламада.

Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорынға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Бұдан басқа өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу