ШҚО-дағы Орлов шахтасында екі жұмысшы көз жұмды

788

ШҚО-дағы Орлов шахтасында екі жұмысшы көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысындағы KAZ Minerals Тобы "Шығыстүстімет" ЖШС-не қарасты Орлов шахтасында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды 24.kz.

Шахтаның он екінші жерасты қабатында ес-түссіз жатқан 3 жұмысшы табылған. Өкінішке қарай олардың екеуі көз жұмған. Ал тағы біреуі ауруханаға түсті.

"Қазір оның жағдайы тұрақты дейді", – мекеме өкілдері.

Өндіріс орны өкілдерінің айтуынша, қайғылы оқиғаның себебін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу