ШҚО-дағы орман өртін сөндіруге Көкшетаудан тікұшақ шықты

659

Тікұшақ бір дегенде 10 тонна су шаша алады. Оның үстіне ұшақта Көкшетау гарнизонының жеке құрамының 30 өкілі бар. 

ШҚО-дағы орман өртін сөндіруге Көкшетаудан тікұшақ шықты

Шығыс Қазақстан облысына бүгін сағат 07:45-те Көкшетаудан өрт сөндіру үшін ең үлкен тікұшақ ұшып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Комитет таратқан ақпараттарға қарағанда, су таситын құрылғысы бар МИ-26Т Шығыс Қазақстан облысының Бесқарайғай ауданындағы орман өртін сөндіруге жұмылдырылмақ.

Тікұшақ бір дегенде 10 тонна су шаша алады. Оның үстіне ұшақта Көкшетау гарнизонының жеке құрамының 30 өкілі бар. Олар да өрт сөндіру жұмыстарына атсалысатын болады.

Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданы аумағындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында қарағайлар өртеніп жатқандығы хабарлаған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу