ШҚО-дағы су қоймасы апатты күйде жұмыс істеп тұр

1128

Шығыс Қазақстандағы Қандысу су қоймасы ондаған жылдан бері апаттық күйде жұмыс істеп тұр. 43 млн метр куб су жинауға арналған қоймада бүгінде басқару мұнараларының ақауларына байланысты 15 млн метр куб су ғана жиналады. Жуықта аймаққа іссапармен барып қайтқан мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин су қоймасын қалай қалпына келтіруге болатыны туралы пікір айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі

ШҚО-дағы су қоймасы апатты күйде жұмыс істеп тұр

"Шекті мөлшерде су жиналмаған соң қожалықтарға су жетіспей жатыр. Онда техникалық сараптау жүргізілген екен. Ақау себебі анықталған. Енді жөндеуге жобалық-сметалық құжат жасау керек. Оған қаражат бөлуді сұрап, әріптесім Ерлан Сайыров екеуіміз үкіметпен сөйлесіп жатырмыз. Екінші бір жолы бар. Сол жерде төтенше жағдай жариялап, резервтен ақша бөлуге, тездетіп жөндетуге болады. Бірақ су қоймасын жөндеу өте қиын болып тұр. Себебі үлкен мамандандырылған кәсіпорын қажет. Бүкіл қойманы бүлдіріп алу қатері бар. Сондықтан кешенді зерттеу керек", – дейді Жаңбыршин.

Тарбағатай ауданы Қандысу өзенінің бойындағы Маңырақ, Бозша ауылдарының тұрғындары табиғи шабындықтарға су мүлде жетпейтінін айтып шағымданады. Былтыр қуаңшылық болғанда шығым болмаған. Шаруа қожалықтары да су көлемінің аздығына риза емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу