ШҚО экология департаментінде пара алу дерегі тіркелді

485

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.  

ШҚО экология департаментінде пара алу дерегі тіркелді Фото: Holanews

Олардың айтуынша, жергілікті ведомстваның бөлім басшысы жалған шағыммен кәсіпорындарда тексеру ұйымдастырып, анықталған заң бұзушылықтар үшін ақша талап еткен.

Қазір оған қатысты іс сотта қаралып жатыр.

"Сонымен қатар құзырлы орган мамандары экологтардың бақылау – өлшеу аспаптары сын көтермейді. Қондырғылар 90%-ке ескірген", - дейді.

"Біз департамент басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергедік. Ол жөн-жосықсыз тексерулерге бастамашыл болған. Танысына өтініш жаздыртып, кейін заңсыз жолмен ақша алғаны анықталды", - деп мәлімдеді ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу