ШҚО кәсіпорындары жұмысшыларына 1,2 млрд теңге қарыз болған

486

Өңір тұрғындары Еңбек инспекциясына жалақысын ала алмағаны туралы жиі шағымданады. 

ШҚО кәсіпорындары жұмысшыларына 1,2 млрд теңге қарыз болған Фото: Qazaqstan.tv

Биыл Мемлекеттік инспекцияның ШҚО басқармасына азаматтардан 1543 шағым түскен, олардың 90%-ы еңбекақымен байланысты, деп жазады inbusiness.kz Noks.kz порталына сілтеме жасап.

Еңбек инспекциясының мәліметінше 110 кәсіпорын 1,2 млрд теңге сомадан астам қарызын жапқан, 3900-ден аса жұмысшының құқығы қорғалған. Қазір, "Шығысстройгрупп" ЖШС ғана жұмысшылар алдындағы қарызын әлі өтемеген. Кәсіпорының өзі банкорттықты рәсімдеуде. Жұмысшылар алдындағы бұл мекеменің қарызы 30 млн теңгені құрайды. 

Еңбек инспекциясы жүргізген тексеру нәтижесінде 2233 заңбұзушылық  анықталған. 246 нұсқаулық беріліп, 233 заңды және лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Салынған айыппұлдардың көлемі 45 млн теңгені құрады. Сондай-ақ, құқыққорғау органдарына 217 іс жолданып, нәтижесінде 4 лауазымды тұлға қылмыстық  жауапкершілікке тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу