ШҚО "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысты

1023

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймақтағылар саны сегізге дейін қысқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz

ШҚО "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысты

Сәрсенбі күні ұсынылған өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, сондай-ақ Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта қалды. Бұл өңірлерде қатаң шектеу шараларын енгізу көзделген.

Қолданыстағы карантиндік шараларды сақтауды және олардың сақталуына бақылауды күшейтуді көздейтін "сары" аймақта орналасқан Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарына "қызыл" аймақтан Шығыс Қазақстан облысы қосылды.

Жағдай тұрақты деп бағаланып, шектеу шараларын жеңілдету мүмкіндігі бар "жасыл" аймақта Шымкент қаласы, сондай-ақ Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары бар.

Қазақстан "қызыл" аймақта қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу