ШҚО полицейі айыпталушылардан тәркіленген 13 млн теңгені жұмсап жіберген

526

Шығыс Қазақстан облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері айыпталушылардан тәркіленген көлікті иемденгені және 13 млн теңгені өз қажетіне жұмсағаны үшін сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО полицейі айыпталушылардан тәркіленген 13 млн теңгені жұмсап жіберген Фото: optimism.kz

Өскемен қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ШҚО Экономикалық тергеу департаментінің ерекше маңызды істер бойынша тергеушісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Белгілі болғандай, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, 2022 жылы айыпталушылардан тәркіленген "Skoda" маркалы автокөлікті иемденіп, 13 миллион теңгеден астам ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Сот барысында сотталушы өз кінәсін мойындады. Жазаны ауырлататын өзге мән-жайлар анықталған жоқ.

"Сот шешімімен тергеуші кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ айыпталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылып, "Экономикалық тергеу қызметінің капитаны" арнайы атағынан босатылды", - делінген ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу