ШҚО тұрғындары ЭКСПО павильондарын бiрiншi болып тамашалады

954

ШҚО тұрғындары ЭКСПО павильондарын бiрiншi болып тамашалады

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары халықаралық ЭКСПО көрмесінің павильондарын алғашқылардың қатарында тамашалады, деп хабарлайды egemen.kz.
Үржар ауданының 150 тұрғыны бүгін Ресей мен Малайзия елдерінің павильондарын көріп, таңданыстарын жасыра алмады. Барқытбелдің баурайынан елордаға арнайы барған тұрғындардың жасы ең үлкенi 85 жастағы Нұрмағанбет Кәрімов ақсақал.

"Көрме қалашығы ғажап екен. Көрген де арманда, көрмеген де арманда. Бұл жерден адам санасының қаншалықты биік деңгейге жеткенін көруге болады", - дейді қария.

Үржар ауданынан кейін көрмені Бесқарағай мен Зайсанның тұрғындары тамашалайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу