ШҚО жолдарында биыл 120 адам көз жұмған

676

ШҚО жолдарында биыл 120 адам көз жұмған

Биыл ШҚО-да жол-көлік оқиғаларынан 120 адам көз жұмған, 1170 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, биыл өңірде 920 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті.  

"Жол апаты мен жарақат алғандар саны 9 және 11 пайызға төмендесе, өкінішке қарай жол апаты салдарынан қаза тапқандар саны 13%-ға артқан. Биылғы он айда жол қауіпсіздігі бойынша 195 мың бұзушылық анықталып, оның ішінде жылдамдықты арттырған 33 мың жүргізуші анықталды. 2700 мас жүргізуші ұсталды. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған 4 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылды", – деді Жанарбек Бақтыбаев.

Атап өтсек, есепті кезеңде 270 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, айыппұлдар бойынша облыс бюджетіне 1 млрд 300 млн теңге қаржы түскен.

Сондықтан облыстың полицейлері қазіргідей көктайғақты, қарлы-боранды құбылмалы ауа райы жағдайында жол үстінде барынша абай болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу