Шойгу "арнайы операцияны" жеделдетуді тапсырды – Қадыров

663

Шешенстан басшысы РФ Қорғаныс министрімен Украинадағы жағдайды талқылады. 

Шойгу "арнайы операцияны" жеделдетуді тапсырды – Қадыров

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен кездесу барысында Украинадағы "арнайы операцияның" тиімділігін арттыруға және жеделдетуге мүмкіндік беретін жаңа міндеттерді айқындап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қадыров өзінің Telegram-дағыканалында хабарлады.

"Біз Украинада денацификация және демилитаризация бойынша арнайы операция жүргізу мәселелерін жан-жақты талқыладық, өзара іс-қимыл мәселелерін айқындадық", – деді Қадыров. Оның айтуынша, Шойгу Украинадағы қақтығысқа қатысып жатқан әскерилерге алғысын білдірген. 

"Біздің алдағы өзара іс-қимылымыз Жоғарғы Бас қолбасшы қойған міндеттерді орындаудың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін", – деді Шешенстан басшысы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу