Шойгу Путинге Ресей әскерінің Мариупольді басып алғанын хабарлады

790

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 11 наурыздан бері Мариупольде төрт мыңнан астам адам қаза тапты. 

Шойгу Путинге Ресей әскерінің Мариупольді басып алғанын хабарлады

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Президент Владимир Путинге Мариуполь қаласының ресейлік әскер мен ДНР милициясының бақылауында екенін және Азовсталь зауытының аумағы бұғатталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, зауыт аумағында екі мыңнан астам украиналық әскери бар. 

"Азовсталь зауытында жасырынып, сол жерде қалған адамдар туралы айтатын болсам,  бұл жұмысты аяқтау үшін үш-төрт күн қажет", – деді Шойгу. 

Бірақ Путин зауытқа шабуыл жасауды тоқтатуды тапсырды.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 11 наурыздан бері Мариупольде төрт мыңнан астам адам қаза тауып, 1 478 адам тұтқынға алынды.

Украинаның Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко Кремльдің Мариупольді басып алу туралы мәлімдемесін жоққа шығарды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу