Шомылу маусымы басталғалы Қарағанды облысында 10 адам суға кетті

428

Соңғы жағдай 29 шілде күні Самарқанд су қоймасында болған.   

Шомылу маусымы басталғалы Қарағанды облысында 10 адам суға кетті Фото: ekaraganda.kz

Шомылу маусымы басталғалы бері Қарағанды облысында 10 адам суға батып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Өңірде 10 адам суға кетті. Оның ішінде кәмелетке толмаған 1 бала бар. Теміртауда – 3 жағдай, Қарағандыда – 1, Бұқар Жырау ауданында – 2, Абай, Ақтоғай және Осакаров аудандарында – 1 жағдайдан, Нұра ауданында – 1. Қаза тапқандардың 5-і белгіленбеген жерлерде шомылған, бір жағдай баланы ересектердің қарауынсыз қалдыру салдарынан, төрт жағдай балықшылардың өліміне байланысты", - деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ақылбек Ахметжановтың сөзінше, былтырғыға қарағанда су айдындарындағы жазатайым оқиғалар санының азаюы байқалады. Алайда балықшылардың суға кету оқиғалары жиілеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу