Шортандыда балық аулап отырған зейнеткер мұз астына түсіп кетіп, көз жұмды

96

Су айдынындағы мұздың қалыңдығы небәрі бес сантиметр болған.

Шортандыда балық аулап отырған зейнеткер мұз астына түсіп кетіп, көз жұмды Фото: Ақмола облысы ТЖД

Қайғылы оқиға Шортанды ауданында болған. 71 жастағы зейнеткер алғашқы мұз қатқанда балық аулауға шыққан. Қармағын орналастыра бастаған сәтте аяқ астындағы мұз жарылып, суға бірден батып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марқұмның денесін шығару үшін сүңгуірлер жарықшақ орналасқан жерге дейін жеңіл қайықпен жеткен, оны жағаға дейін қолмен тартуға тура келген.

Құтқарушылардың айтуынша, су айдынындағы мұздың қалыңдығы небәрі бес сантиметр болған. Ал қауіпсіз балық аулау үшін мұз кем дегенде екі есе қалың болуы керек. Бірақ мұндай мұз қабаты ай соңына дейін өзен-көлдерде пайда болмайды.

– Қазгидромет болжамына сәйкес, қараша айының соңына дейін ауа райы құбылмалы болады: кей күндері минус, кей күндері плюс температура күтіледі. Сол себепті мұздың қалыңдығы қауіпсіз деңгейге жетпейді. Сондықтан барлық балық аулауды ұнататын тұрғындарды, сондай-ақ ата-аналар мен балаларды мұз үстіне шықпауға шақырамыз, – деді Ақмола облыстық ТЖД ресми өкілі Ерсайн Қойшыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу