Шортандыда 4 баласы бар әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

88

Шортанды аудандық прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғады.    

Шортандыда 4 баласы бар әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін Фото: Видеодан скриншот

Аудандық прокуратура қолайсыз отбасыларда тұратын балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жүргізілген талдау барысында ата-аналық міндетті тиісінше орындамау фактілерін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Рейд кезінде бір отбасында кәмелетке толмаған 4 баланың қауіпсіз және тиісті өмір сүру жағдайлары қамтамасыз етілмегені белгілі болды. Бұл өз кезегінде олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Анасының тұрақты тұрғын үйі, табыс көзi және тұрақты мекен жайы жоқ, аудандық полиция бөлімінде "Кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесі мен қамқорлығын орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-ана" санаты бойынша есепте тұр және бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен балалар анаcынан оқшауландырылды.

Аудан прокуратурасының тапсырмасы бойынша оны ата-аналық құқықтарынан айыру туралы сотқа жүгіну ұйымдастырылды.

Алғашқы кезеңде балалар тексеруден өткізу және қажетті медициналық іс-шараларды жүргізу үшін уақытша аудандық ауруханаға орналастырылды", – делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Олар медициналық мекемеде болған кезде балаларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында сыйлықтар табысталды.

Үлкен 3 кәмелетке толмаған бала Балаларды қолдау орталығына, ал кіші бала Щучинск қаласындағы мамандандырылған балалар үйіне жіберілді.

Аудан прокуратурасы кәмелетке толмағандарды орналастыру жағдайларын бақылауды қамтамасыз етіп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдауды жалғастыра бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу