Шотландия 2023 жылы тәуелсіздік туралы екінші референдум өткізбек

657

Ресми Лондон болса, Эдинбургке референдум өткізу құқығын бермейтінін бірнеше мәрте жариялады. 

Шотландия 2023 жылы тәуелсіздік туралы екінші референдум өткізбек

Шотландия үкіметі 2022 жылы өзінің тәуелсіздігі туралы екінші референдумға ресми дайындықты бастап, 2023 жылдың соңына қарай бүкілхалықтық сауалнама жүргізбек. Шотландиялық ұлттық партияның көшбасшысы, Шотландияның бірінші министрі Никола Стерджен осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Министрдің бұл сөзі конституциялық шиеленісті ушықтырып жіберуі мүмкін. Бірақ бірқатар сарапшы мен партия өкілдері алдағы екі жылда референдумның өткізілуі екіталай деген пікірде. Ресми Лондон болса, халық жеті жыл бұрын өз таңдауын жасады деп мәлімдеп, Эдинбургке референдум өткізу құқығын бермейтінін бірнеше мәрте жариялады.

Еске сала кетсек, тәуелсіздік туралы референдум 2014 жылы өткен еді. Дауыс бергендердің кем дегенде 55%-ы Эдинбург пен Лондон арасындағы одақтың сақталуын қолдаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу