Шри-Ланка әуежайында жүктерінен 110 келі каннабис табылған 22 монах қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазақпаратқа" сілтеме жасап.
Топ тасымалдаған жүкті тексеріп, жасырын бөлімдерінде шамамен 112 келі есірткіні анықтады. Бұл Шри-Ланка астанасындағы Бандаранаике халықаралық әуежайында тәркіленген ең ірі партия болды.
Тәркіленген заттың нарықтағы құны 3,5 млн долларға бағаланды.

Тергеу барысында трафикті 3 монах ұйымдастырғаны, олар әлеуметтік желілер арқылы тағы 19 адамды тартқаны анықталды. Хабарланғандай, топ 22 сәуірде Таиландқа шыққан.
Шри-Ланка полициясының Есірткіге қарсы күрес бюросы ел бойынша ғибадатханалардағы кейбір монахтардың ұялы телефондарынан олардың күнделікті киіммен демалып жатқан фотосуреттері мен бейнелерін анықтады.
Жас монахтардың көпшілігі 30 жасқа толмаған және әлі де жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Қолда бар мәлімет бойынша,олар тегін әуе билеттері, тұру және тамақтану уәделерімен тартылды. Шамаланғандай, оларға мектеп оқушыларына арналған "оқу материалдары мен тәттілерді" тасымалдайтындары айтылды.
Алайда полиция әр сөмкеден шамамен 5 келі есірткі анықтады.
Тергеу барысында сондай-ақ топтың өткен айда 12 монахтың қатысуымен осындай операция жасағаны және жақын арада тағы бір сапар жоспарлағаны анықталды.