Шу ауданында букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

507

Жамбылдық полицейлер букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Шу ауданында букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Шу ауданындағы букмекерлік кеңселердің біріне қарақшылық шабуыл жасаған ауданның екі тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жамбыл облысы Шу ауданының ПБ кезекші бөліміне сағат таңғы 04:30-да белгісіз тұлғалардың букмекерлік кеңсеге кіріп, кассирді қорқыт ып, ақша алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Тергеу барысында жас жігіттердің пластикалық терезені сығымдау арқылы букмекерлік кеңсеге кіріп, кассирге белгісіз қару қолдану арқылы 773 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденгені анықталды. Осыдан кейін олар белгісіз бағытқа қашып кеткен",-делінген хабарламада.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының полицейлері күдіктілерді анықтап, ұстаған. Олар бұрын сотты болған Жамбыл облысының 23 және 24 жастағы тұрғындары болып шықты. Жауап алу барысында ұсталғандар өз кінәларын мойындаған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі таңда аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 192-бабының 3-бөлігімен (Қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алыныпты.

Тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу